USD
USD
USD

Отаншыл ұрпақ – ел тірегі

Ұрпақ саулығы дене шынықтырудан басталады. Партия алдағы бес жылдықта тұрғындарды бұқаралық спортқа жаппай жұмылдыруды мақсат етіп отыр.

Отаншыл ұрпақ – ел тірегі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала тұрғындарының 42 пайызы жүйелі бұқаралық спортпен шұғылданады. Халық санының ұдайы көбеюіне байланысты спорт нысандары жетіспейді. Осы және өзге маңызды мәселелер төңірегінде қаламыздағы бокс мектебінде кеңінен талқыланды. Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бақытжан Жақсылықов, Абуали Тасмурзаев, Алмасходжа Қайыпов спортшылармен осы саладағы түйткілді мәселелерді бірге зерттеді. 

– 2023-2027 жылдары қаламызда 100 ашық спорт алаңшасы салынады. Жыл сайын кемінде 300-ге жуық спорттық іс-шара (бұқаралық спорттық іс-шаралар (велошеру, бұқаралық жүгіру, марафон, спорт фестивальдері), спорттың жекпе-жек және ойын түрлерінен қалалық, республикалық жарыстар, Наурыз мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен бұқаралық жарыстар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спорт жарыстары, әйгілі спортшылармен кездесулер) ұйымдастырылып, 45 мың тұрғын қамтылады. Нәтижесінде қалада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны 42 пайыздан 50 пайызға дейін жетеді. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту жөнінде халықпен жұмыс ұйымдастырылады, – деді Бақытжан Жақсылықов.

Сонымен қатар болашақ халық қалаулысы спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын 19 наурызда өтетін сайлауға қатысып, көшбасшы партияны қолдап дауыс беруге шақырды.                                                        

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп