17 Наурыз 14:46
...

Отандық жұлдыздар дабыл қағуда

Фото:
«Time» журналы дүние жүзіне таралған дертке байланысты тапшы болған тауарлар тізімін анықтады.

Белгілі басылымның мәліметінше, бүгінде күллі әлем бойынша медициналық маскаға деген сұраныс көбейген.

Алматы, NEGE. Елімізде бүгінде медициналық масканың бағасы қымбаттап кеткені жасырын емес. Дәл осы мәселеге қатысты отандық жұлдыздар жаппай дабыл қағуда. Өнер өкілдерін бетперденің аздығы мен оның құнының көтеріліп кеткені қынжылтады. Одан бөлек, әншілер үнемі әлеуметтік желі арқылы сақтық шараларын сақтап, барынша қауіпті індеттен қорғанып жүруді естен шығармауды жазып жүр.  

«Алла Тағалам ешнәрседен қателеспейді ғой. Алла бізден жақсы біледі, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін. Әрнәрсенің Хайыры бар.

Бізден бұрынғыларға төнген бұлт, бізді де айналып өтпеді. Талай қиындықтан Құдай дегені үшін аман шыққан қазағым бұдан да өтеміз Ин Шаа Аллаһ. Тек дұрыс нәрсе ойлап, дұрыс нәрсе айтайықшы. Тойға бармасақ бармайық, бала-шағамыздың қасында аман жүрейік. Гигиенаны жақсылап ұстанайықшы, ия? "Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі" деген ғой қазағым. Сақтансақ Алла сақтайды», - дейді Алтынай Жорабаева.

Айта кетейік, пандемия кезінде халық жаппай азық-түлік пен күнделікті өмірге қажет заттарды таласа сатып алғаны белгілі. Тіпті, дүкендегі сөрелер бос қалуда. Алайда, байбалам салудың қажеті жоқ. Қазақстан үкіметі халықты барлық тауармен қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Ал, мамандардың айтуынша, ең әуелі қол жууға арналған сабын мен үйді тазалауға арналған арнайы заттарды алу керек. Сонымен қатар, әр үйде дәрі қорабы тұруы тиіс.

Шетелдік «Time» журналының сараптамасы бойынша, Гонконг және Австралия елдерінде халық маскадан бөлек, ұзақ сақталатын өнімдер мен тез әзірленетін рамен кеспелерін жаппай сатып алған.

Тегтер: