USD
USD
USD

Отандық вакцина ДДСҰ тіркеуінен қашан өтеді?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық вакцинаның халықаралық деңгейде мойындалуы туралы пікір білдірді. 

Отандық вакцина ДДСҰ тіркеуінен қашан өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Вакцинаны халықаралық ауқымда тану рәсімінің өте ұзақ екенін білесіздер. ДДСҰ вакцина өндірісі бұрыннан жолға қойылған елдің екпелерін тез мойындайды. Өйткені ондай жерлерде тұтас жүйе орнатылған. Қазақстан мұндай аккредиттеуден алғаш рет өтіп отыр. Ол көп нәрсеге байланысты: зертхананың аккредиттелуіне, өндірістік базаға, құжаттардың қалыптасуына, халықаралық басылымдардағы жарияланымдарғ байланысты. Қазір біз соның бәрін қалыптастырып жатырмыз. Тәжірибе де жинақталуда. Аккредиттеуден өтуге қажет құжаттардың бәрін дайындап жатырмыз», - деген ведомство басшысы отандық екпенің ұлттық реттеушінің тіркеуінен өткені оның қауіпсіздігі мен тиімділігіне кепіл екенін атады.

«ДДСҰ мақұлдаса да, мақұлдамаса да, отандық екпе біздің Ұлттық реттеушінің тіркеуінен өтті және тиімді әрі қауіпсіз екенін дәлелдеді. 20-дан астам елмен өзара вакцинация паспорттарын мойындау туралы келісім бар екенін білесіздер. Бұл олардың вакцинаның қуатын және Ұлттық реттеушінің қорытындысын мойындайтындығын білдіреді. Сондықтан вакцинамызды халықаралық деңгейде таныту ісі – Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына кіргізу сияқты ұзақмерзімді міндет», - деді Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев