USD
USD
USD

Отандық прокатта көш бастаған фильм

Апта соңында отандық киносүйер қауым таласа тамашалған фильмдер тізімі анықталды.

Отандық прокатта көш бастаған фильм
Фото: NEGE.kz

Үздік картиналар арасында кассалық табысымен топ жарған - «Харли Квин» лентасы.

«Ticketon.kz» сайтының мәліметінше, «Харли Квин» 65 миллион теңге табыс тапқан.

Марго Робби басты рөлді сомдаған картина бұзық қыздар жасағының хикаялары туралы баяндайды. Фильм сюжеті Харли Квиннің ғашығы Джокермен қарым-қатынасын үзген сәттен басталады. Сүйіктісінен айрылған бикеш Готэм қалашығының қылмыскерлерін жазалауға аттанады.

Голливудтық актерларды фильміне түсірген Нұрлан Қоянбаев апта соңында екінші сатыға төмен түсті. Продюсердің «My love is Aisulu» романтикалық комедиясы 58 миллион теңгеден астам кіріс көрді. Еске салсақ, фильмдегі басты рөл Әсел Сағатоваға бұйырған еді. Үлкен экранға қайта оралған актриса Қоянбаевтың ғашығын сомдайды.

Ал араға 17 жыл салып көрерменімен қайта қауышқан «Bad Boys» үздік үштікті түйіндейді. Фильм апта қортындысы бойынша 29 миллион теңге пайда тапты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер