USD
USD
USD

Отандық ғалымдар күйікті емдеудің жаңа тәсілін ойлап тапты

Денесі күйген науқастарды емдеу уақыты 1,5 есеге қысқарады. Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары сиырдың қарнынан коллагенді таңғыш жасау тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандық ғалымдар күйікті емдеудің жаңа тәсілін ойлап тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір мамандар еліміздің бірқатар медициналық орталығында өнімді клиникалық зерттеуден өткізіп жатыр. Оған ауыр жарақат алған 200 адам қатысуда. Сынақ біткеннен кейін таңғыштар ел ауруханаларына жеткізіледі.

Күйікті тез емдейтін өнімнің қажеттілігі туралы елордалық дәрігерлер бұрыннан ойлап жүрген. 2012 жылы олар Биотехнология орталығына келіп, өз идеяларымен бөлісті. Күйік жарақаты ұзақ уақыт жазылмайды. Ғалымдар 3 жыл қатарынан зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сиырдың қарнындағы пайдаға аспайтын ішектердің емдік қасиеті бар екенін анықтады. Оны 1 апта бойы тазалап, зарарсыздандырғаннан кейін адам денесіне қолдануға болады.

Ерлан Раманқұлов, ҚР БҒМ ҒК ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

 - Адамның терісі қатты зақымданса, сол орынды мына таңғышпен байлап, емдеуге болады. Біз оны түрлі пептид және антибиотиктермен қанықтырамыз. Бұл материал уақытша адам терісінің орнын басады. Ол құрғап кетпейді, жарақаттағы суды сіңіріп алады. Инфекциялардың пайда болуына жол бермейді. Қазір біз тәжірибе ретінде бұл өнімді күйік орталықтарында қолданып жатырмыз. Зерттеу нәтижелері өте жақсы. Науқастардың жарақаттары тез жазылып кетеді. Сынақ аяқталғаннан кейін тіркеуден өтіп, бұл өнімді отандық ауруханаларға жеткіземіз.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар