USD
USD
USD

Отандық фармацевтикалық зауыт 30 млн құты инъекция шығарады

Алматы облысының, Қарасай ауданында орналасқан фармацевтикалық зауыт жылына 90 млн құты инъекциялық ерітінді шығарады.

Отандық фармацевтикалық зауыт 30 млн құты инъекция шығарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта еліміздегі фармацевтикалық өнімдердің ірі өндірушісі болып саналатын зауыттың қуаты ішкі нарықты толық көлемде дәрілік өніммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде инъекциялық ерітінділер өндіруге мүмкіндік береді.

Өнім өндірудің жылдық көлеміне жүз елуден астам атау енгізілген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 90 млн құты инъекциялық ерітіндіні құрайды.

Қазіргі уақытта барша әлемді жайлаған дерт жеке қорғану құралдарымен және барлық қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті қамтамасыз ету үшін жеке ресурстардың болуы қаншалықты маңызды екендігін көрсетті.

Отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуда мемлекеттің қолдауы және қазақстандық дәрілік заттарды өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу жөніндегі «СҚ-Фармация» ЖШС жобасын іске асыру шешуші рөл атқарды. Ынтымақтастықтың мұндай түрі отандық өндірушілер өндіретін дәрілік заттар номенклатурасының тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бүгінде кәсіпорында 420 адам еңбек етеді. Зауыт қызметкерлері жұмысқа қабылданатын әрбір маман үшін фармацевтикалық өнеркәсіп, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласында оқыту жүргізеді.

Сонымен қатар, өндіріс ошағы С.Д. Асфендияров атындағы медицина университетімен шарт жасасты. Осылайша оқу орнының түлектері Қытайда біліктілігін арттыру бойынша тағылымдамадан өтіп, білімдерін шыңдайды.

Қазір оқып жатыр

Алаяқтық және параға сатып алу: «Қазақмыс» үш қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады

Қазақмыс

Роман Скляр жаңа мемлекеттік комиссияны басқарады

Роман Скляр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Өрт сөндіру