USD
USD
USD

Отандық аяқ киімнің бағасы небәрі 2000 теңге

Түркістан облысы, Жетісай ауданында спорттық аяқ киім шығаратын шағын цех бар. Тәулігіне 1500 жұп аяқ киім шығаратын кәсіпорында 25 адам тұрақты еңбек етеді.

Отандық аяқ киімнің бағасы небәрі 2000 теңге
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Цехта тігілген спорттық үлгідегі аяқ киімдер жергілікті және көршілес аудан базарларында сатылады. Сұранысы жоғары отандық өнімнің бағасы 1900-2000 теңге көлемінде.

«Өзіміздің отандық өнімдерімізді болашақта брендке айналдырсақ, шағын кәсіпорнымыздың ауқымын кеңейтсек деген жоспар бар. Сондай-ақ аяқкиімдердің санын екі есеге арттыру ойда бар. Жоспарларымыз жүзеге асып жатса, тағы да қосымша жұмысшыларды қабылдайтын боламыз. Осылайша жергілікті халықтың тұрмысын жағдайын жақсартуға үлес қосқымыз келеді. Болашақта Жетісайдан шыққан спорттық аяқ-киімдерді алыс-жақын шетелдерге экспорттасақ»,дейді цех басшысы Сәкен Шораев.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.