USD
USD
USD

Отандық автокөлік Өзбекстанға экспорттала ма?

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ташкент қаласындағы Қазақстан мен Өзбекстанның 2-ші аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты. 

Отандық автокөлік Өзбекстанға экспорттала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қос елдің Үкімет басшылары қатысқан жиында агроөнеркәсіптік, өнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы туралы мәселелер талқыланды. Айтулы шарада Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдің автокөлік шығару саласын таныстырды. «Өзбекстан Республикасының аймақтарымен өткен жылғы сауда айналымы 34,9%-ға өсіп, 150 млн АҚШ долларына жетті.

Форумда 2020-2021 жылдарға арналған Ташкент облысының хокимияты мен Қостанай облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара әріптестік аясында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген автомобильдерді сату және экспорттау үшін «Avtosanoat invest» ЖШҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Группа компания Аллюр» АҚ арасындағы бірлескен кәсіпорын туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды»,  –  делінген баспасөз қызметінің ақпаратында. Айта кетейік, былтыр Қостанай облысында 26 мыңға жуық көлік құрастырылған.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам