USD
USD
USD

Отандық әртістер Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының тойына Түркияға ағылды

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, Тұрсынбаева той жақындаған сайын парақшасына түрлі бейнежазбалар жүктеп, дайындық барысын бөлісуде.

Отандық әртістер Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының тойына Түркияға ағылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Айтыстың аққуы» атанған ақын Беклан атты ұлының  таңдауы түскен аруға осыдан біраз күн бұрын сырға салуға елге келген болатын. Қызды ұзату тойы Алматы қаласында өтсе, үйлену тойы Тұрсынбаева тұрып жатқан Түркияға жоспарланған.

Күні кеше ақынның парақшасына жүктеген бейнетаспасынан елімізден Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев бастаған біраз әншілердің жұбайларымен ат артып барғанын көруге болады.  Индира Расылхан болса, өнердегі  әпкесін қолдамаққа күні бұрын жетіп алса керек. «Той алдында өзіміз болып бір шай ішейік» деген олар ақ дастархан басында арқа-жарқа болып бас қосты.

Ал Айгүл Иманбаева мен Жазира Байырбекова жастарға бақыт тілей отырып, өкінішке қарай, тойға қатыса алмайтындарын жеткізген. Ұзынқұлақтардың айтуынша, дүбірлі тойға елімізден біраз ақындар да ағылған.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

kaspi.kz

СҚО-да кен орнына апаратын кірме жол құрылысы 8 жылдан бері әлі аяқталмаған: басқарма басшысы күдікке ілінді

бюджет қаражатын жымқыру

Ұмай ана қолдады. «Отбасы банк» топ-менеджерлерінің табысы НЕГЕ тез өсіп келеді?

.

Алты адам қаза тапқан Aqtogai Milk-тегі қайғылы жайтты тексеру қорытындысы жарияланды

Aqtogai Milk