USD
USD
USD

Отандық археологтар Әулиеата өңірінен көне қаланың орнын тапты

Тарихы терең Әулиеата өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды, деп хабарлады "Хабар 24".

Отандық археологтар Әулиеата өңірінен көне қаланың орнын тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Археологтар 600 гектар аумақты алып жатқан шаһар Түркі қағанатына тиесілі болған деп отыр. Қазба жұмыстары 20 күн бұрын Жамбыл ауданындағы Құмтиын ауылының маңында басталған. Мамандар мұнда 6-12 ғасыр аралығына тән, биіктігі 12 метрге дейін жететін Қаракемер қаласы болғанын анықтады.

Әзірге көне шаһар аумағынан бірнеше бөлмелік үйлер мен қыш құмыралар, жан-жануарлардың сүйегі және ошақ орны табылды. Тарихи жәдігерлерге қарап, қалашықта егін мен мал шаруашылығының жақсы дамығанын аңғаруға болады. Археологтарды 1200 градус температурада балқыған шынылардың шыққаны таңғалдырды.

Мамандар құнды заттарға толы мекенді әлі бір зерттемек.

"Төрткүлтөбе 1-де көлемі 11/12 метрлік қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтежесінде бірнеше бөлме орындары анықталды. Бұл жерде ұзындығы 15 метрден асатын, қабырғасы, былайша айтқанда, құрылыстың кесік дейді ғой, қимасын анықтау мақсатында қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп зерттерліп жатыр", - дейді археолог Ералы Ақынбек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

«Негізі жоқ ақпаратқа қалай пікір білдіремін?»: Ақкенженов Теңіз кен орны туралы

Ерлан Ақкенженов

Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын ірі жобаларды кешіктіргені үшін сынға алды

.

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы