USD
USD
USD

Отандық сурдо дзюдошылар Түркістанда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды

Бәсекенің алғашқы күнінде еліміздің қыз-жігіттері 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль ұтып алды, деп хабарлады 24.kz.

Дзюдо
Фото: sports.kz

Алматы, NEGE. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен Шадияр Қуандық пен 66 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Алтынбек Какитаев жарыста қарсылас шақ келтірмеді.

Қазақстан сурдо дзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан әлем біріншілігіне 18 елден 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыс 14 сәуірге дейін жалғасады.

Қуаныш Мұқаш, ҚР сурдо дзюдо федерациясының президенті:

–Осы жылы Иранда өтетін әлем чемпионатын біз өзіміз бастама көтеріп, Түркістанда қаласында өткізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 150 жуық азамат сурдо дзюдомен айналысады. Қазақстан құрамасына кірген 25 спортшымыз бар. Осы әлем чемпионатында олардың бәрі күресіп жатыр.


Қазір оқып жатыр

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»

Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды

Кісен

Аудит арзан емес. «PSA» НЕГЕ жыл сайын шығынға батады?

PSA