USD
USD
USD

Отандық хоккей құрамасы бүгін Ұлыбританиямен жолдастық кездесу өткізеді

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін, 7 мамырда Ұлыбританиямен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлады kazinform.

спортшылар
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Алматы, NEGE. Бұл әлем чемпионатына дайындық барысындағы соңғы ойын болады.

Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері 5 мамырда Чехияға жетті. Онда дүбірлі додаға дайындық барысын пысықтап жатыр.

Бүгінгі кездесу елорда уақытымен 20:00-ге белгіленген.

Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп келеді.

Қазақстан құрамасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Алғашқы ойынын Қазақстан құрамасы 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.

Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026