USD
USD
USD

Отандық дзюдошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болды

Қазақстандық Санжар Ерұланұлы Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік шықты, деп хабарлады kazinform.

Чемпион
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Алматы, NEGE. Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Санжар Ерұланұлы 90 келіге дейінгі салмақта финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын таза жеңді

Әлемдік рейтингіде 5-орында тұрған қазақстандық дзюдошы жарысты екінші айналымнан бастап, әуелі Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жолдан тайдырды. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түсті.

Осыған дейін биыл жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында 90 келіге салмақта жеңімпаз атанған Санжар енді әлемдік додада алғаш рет озық шығып отыр.

Лимадағы әлем біріншілігіне 48 елден 403 жас татами шебері қатысып жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық