USD
USD
USD

Отандастар қорының басшысы тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Отандастар қоры» КЕ АҚ ұжымына жаңа басшысын таныстырды. Қор директорлар кеңесінің шешімімен Абзал Сапарбекұлы осы ұйымның президенті болып тағайындалды.

Отандастар қорының басшысы тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Абзал Сапарбекұлы бұған дейін Қазақстанның Түркиядағы Елшісі болған. 2000 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылымында жұмыс істейді, сондай-ақ түркітілдес елдердің ынтымақтастығы жөніндегі ұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Министр Мұхтар Тілеуберді шет мемлекеттердегі және елге келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

«Біз қандастарымызға жан-жақты көмек пен қолдау көрсету, шетелдегі қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін белсенді жұмыс істеуіміз қажет», – деді СІМ басшысы.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити