Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Отандасымыз ITF турнирінің абсолютті чемпионы атанды

Қазақстандық Даниил Фелькер Тәжікстан астанасы Душанбеде 18 жасқа дейінгілер арасында өткен төртінші санаттағы ITF турнирінің абсолютті чемпионы атанды.

Отандасымыз ITF турнирінің абсолютті чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Теннис федерациясы мәлім еткеніндей, алматылық, 17 жастағы Д.Фелькер жекелей сында финалда 14-тегі тағы бір қазақстандық Әмір Омархановпен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде Даниил Қарағанды қаласының түлегін 6:2, 0:6, 6:2 есебімен ұтты. Д.Фелькер жұптық сында алматылық Олег Гусаковпен бірге соңғы матчта ақтөбелік Артур Хайрутдинов – қызылордалық Ерасыл Ерділданы 6:4, 2:6, 10:8 есебімен жеңді.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласында Азия теннис федерациясы аясында 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы жарыс аяқталды. Қыздар арасында соңғы сында қарағандылық Аделина Маманфинаны сүріндірген елордалық Альбина Кәкенова алтын медальға ие болды. Үшінші орынға тағы бір елордалық Әдия Омарбек көтерілді. Жұптық сында ақтөбеліктер Ева Корышева мен Аружан Дандаева үздік шықты.

Олар финалда елордалық Татьяна Иванова – шымкенттік Сабина Шухратовадан басым түсті – 6:4, 6:4. Қарағандылық А.Маманфина мен елордалық Ә.Омарбек қола жүлдені қанағат тұтты. Ұлдар арасында барлық жүлделі орын астаналық теннисшілердің еншісінде кетті.

Мансұр Қайролланы 6:1, 6:1 есебімен қапы қалдырған Ярослав Пшеничный чемпиондық тұғырға көтерілсе, Олжас Есеналы үздік үштікке ілікті. Жұптық сында М.Қайролла – О.Есеналы жеңімпаз атанса, шымкенттік Шыңғыс Тұрлыбек пен көкшетаулық Тайыр Қайретдиновке екінші, ақтөбелік Мансұр Сайынов пен қарағандылық Рамазан Шағатаевқа үшінші орын бұйырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Ыстанбұл турнирінің жеңімпазы атанғанын, Шымкент челленджер жарысында қазақстандықтардың қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Юлия Путинцева Рим турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Қазір оқып жатыр

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты