USD
USD
USD

ОСК-ның алдын ала мәліметтері: Өзбекстандағы президент сайлауында Мирзиёев жеңіске жетті

Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеев 87,05% дауыс жинап, кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлады ОСК басшысы Зайниддин Низамходжаев.

ОСК-ның алдын ала мәліметтері: Өзбекстандағы президент сайлауында Мирзиёев жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сайлаушылардың жалпы санының 87,05 пайызы Өзбекстанның Либералдық-демократиялық партиясының кандидаты Шавкат Мирзиеевке дауыс берді», - деді Низамходжаев баспасөз мәслихатында.

Екінші орында 4,43% дауыспен «Адолат» социал-демократиялық партиясының («Әділет») кандидаты, Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары Робахон Махмудова, үшінші орында 4,02% дауыспен Өзбекстан халықтық демократиялық партиясының (ХДП) төрағасы Улугбек Иноятов, төртінші болып 3,74% дауыспен Экологиялық партияның жетекшісі Абдушүкүр Хамзаев тұр. 

ОСК мәліметінше, сайлауға азаматтардың 79,8% немесе 15,6 миллион сайлаушы қатысты. 

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар