USD
USD
USD

Өскеменнің әкіміне 159 мың теңге айыппұл салынды

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға сот шешімін орындамағаны үшін 159 мың теңге айыппұл салынды.

Өскеменнің әкіміне 159 мың теңге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өскемен әкімі мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қатысты сот ісі облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған. Белгілі болғандай, Аблакетка кентінің тұрғындары қоғамдық көліктің кестеге сәйкес қатынамайтындығына наразылық білдіріп, сот арқылы шағым түсірген.

«Әкімшілік іс тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту арқылы қаралды. Сол келісімге сәйкес жолаушылар тасымалына қатысты мәселелерді шешу үшін әкімдіктің жауапты бөліміне бірнеше міндеттер жүктелді. Ал сол міндеттердің орындалуын қала әкімі өз бақылауына алуға тиіс болған», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Яғни, әкімдік 16 наурызға дейін автобустардың уақтылы қатынауын қамтамасыз етуге тиіс еді. Алайда бұл міндет орындалмаған.

«Сондықтан ӘРПК-тің 127-бабы 5-бөлігімен қала әкімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне 50 АЕК немесе 159 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг