USD
USD
USD

Өскемендегі мектеп асханаларында бірқатар кемшіліктер анықталды

Мектеп асханасынән бірқатар кемшіліктер анықталды.

Өскемендегі мектеп асханаларында бірқатар кемшіліктер анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өскемен қаласындағы мектеп асханаларында бірқатар кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мәслихат депутаттары білім ошақтарын аралады. №11, 44 мектеп лицейлері мен қосымша білім беретін №48 мектеп-орталығында болған олар асханаларды тексерді.

Осы асханаларда биыл жөндеу жұмыстары жүргізілген. Іштегі стендтерде асхананың жұмыс режимі, мәзірлер, тағамдар, шағымдар мен ұсыныстар кітаптары орналастырылған.

«2023 жылы бір оқушыға бірреттік тегін ыстық тамақтың құны күніне 620 теңгені құрады. Алайда №11 мектеп-лицейде бұдан қымбатырақ болған. Мектеп басшылығына осыған қатысты ескерту жасалды», - дейді қалалық мәслихат төрағасы Александр Светаш.

Сондай-ақ мектептерде балық өнімдерінің жоқтығы анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша депутаттар Өскемен қаласының білім бөліміне оқушылар мен олардың ата-аналары арасында мектептегі тамақтың сапасы туралы сауалнамаларды жүйелі түрде жүргізуді ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»