USD
USD
USD

Өскемендегі жылу магистралінде құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалды

Өскемен қаласындағы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы жылу магистралінде құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалды.

Төтенше жағдай
Фото: ШҚО әкімдігі

Алматы, NEGE. Ықшам аудандағы Драма театры мен «Ертіс сити» тұрғын үй кешені аумақтарында диаметрі 630 мм жылу магистралінде ақау шығып, соның салдарынан жылу беру тоқтатылған.

«Шығыс Жылу» АҚ мамандары ақау орнын анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

«Мамандар мен техника сол жерже жұмыс істеп жатыр. Ақау шыққан орынды анықтауда қиындықтар болды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу беріледі. Түсіністік танытқаны үшін тұрғындарға алғыс айтып, сабыр сақтауды сұраймыз. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», - деді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram