USD
USD
USD

Өскемендегі мектеп бухгалтерлері 144 млн теңгеден астам ақша жымқырған

Өскеменде Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. 

Сот үкімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Өскемен қаласындағы № 2 соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, есепшілер жеті жыл бойы бюджет қаражатын заңсыз жымқырған.

– 2017-2024 жылдар аралығында бас есепші мен оның әріптесі сөз байласып әрекет еткен. Олар өздерінің қызметтік бабын пайдаланып, шоттарына жүйелі түрде ақша аударып, мемлекетке зиян келтірген, – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сот анықтағандай, жалпы шығын 144 622 868 теңгені құраған. Ақша білім беру жүйесіне тиесілі және мектеп қажетіне жұмсалуы тиіс еді. Сот отырысында екі әйел де өз кінәсін мойындап, өкінді. Бұл үкім шығару кезінде ескерілді.

  – Сот оларды жеті жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, екі сотталушы да келтірілген зиянды толық өтеуі қажет, – деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сотталғандарға материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар