USD
USD
USD

Өскеменде жол жиегінде тоқтап тұрған көлік жанып кетті

Өскемен қаласында жол жиегінде тоқтап тұрған Lada Priora көлігі жанып кетті, деп хабарлады КТК. 

Өскеменде жол жиегінде тоқтап тұрған көлік жанып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 30 тамызда түнгі сағат 01.15 шамасында Шәкәрім даңғылында болған.

«Жол жиегінде уақытша тоқтап тұрған Lada Priora автокөлігі отқа оранған. Тілсіз жау багажды, салонды, доңғалақтардың артқы шиналарының, аспаптар панелін және қозғалтқыш бөлігінің жартылай жанатын бөлшектерін шарпыды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.

Алдын ала дерек бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс