USD
USD
USD

Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтірді

  Әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы хабар тарады.

Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты ақпарат берді. «Біз, «Лесхоз» аулының, «Надежда», «Эдельвейс» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары тиісті органдардың назар аударуын сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап тастады. Біз қауіпті аймақта (қоқыс тастайтын аймақ) тұратындықтан үнемі қаңғыбас иттердің шабуылына тап болып отырмыз», – деп жазды жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарл ады. Тиісті сот сараптамасы тағайындалып, мән-жайды толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат әзірше таратылмайтыны айтылды.Жергілікті полиция қайғылы оқиғаны тергеуді бастады, сот сараптамасы жүргізіледі

Біраз бұрын Атырауда қала сыртында төрт ит жасөспірім қызды талап тастағаны хабарланды. Жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев