USD
USD
USD

Өскеменде өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден баласы бар әйелді құтқарды

Өскеменде өрт сөндірушілер екі қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында болған өрт кезінде баласы бар әйелді құтқарды.

Өскеменде өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден баласы бар әйелді құтқарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үй Металлургтер көшесінде орналасқан. Өрт 5 шаршы метр аумақта болған, онда жиhаздар және жеке заттар жанған.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті құтқарған сәтінің видеосын жариялады.

Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, сондай-ақ электр жабдықтарын апатты жағдайда пайдалану.

Үйдің 15 тұрғыны өз бетімен пәтерлерін тастап шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер газ баллонын шығарып, түтін мен улы жану өнімдерінен сақтандырған құтқару капоттарының көмегімен көрші пәтерден баласы бар әйелді алып шықты.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе