USD
USD
USD

Өскеменде өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды

Өскемен қаласында өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды.

Өскеменде өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 07:41-де Славский атындағы жағалау көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шыққаны жайлы хабар түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. «12 қабатта орналасқан пәтердің лоджиясы өртенген. Оттегі маскасының көмегімен сол пәтерден екі адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар. Сондай-ақ көпқабатты үйден 8 адам эвакуацияланып, «Вахта» көлігіне орналастырылды. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталуда», - делінген ақпаратта. Көп ұзамай құтқарушылар жалпы ауданы 25 шаршы метрге жеткен қызыл жалынды толықтай ауыздықтады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе