USD
USD
USD

Өскеменде құдық ішінен ер адамның денесі табылды

Өскемен қаласында құдық ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскеменде құдық ішінен ер адамның денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына белгісіз ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен.

«Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп жетті. Мәйіт Назарбаев даңғылы бойында «Адем» аялдамасы маңындағы коммуналдық құдықтардың бірінен табылған. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр. Әзірге оның нақты неден өлгені белгісіз. Сараптама жұмыстары тағайындалған», - делінген ақпаратта.

Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік