USD
USD
USD

Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шықты

Өскемен қаласында көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 шілдеде сағат 23.08-де Ломоносов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс пен ескі заттар жанған.

«Соның салдарынан подъез ішін қою түтін басты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тұрғындарды дереу қауіпсіз жерге көшіре бастады. Баспалдақ арқылы барлығы 80 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды. Сондай-ақ құтқарушылар 1938 жылы туған әйелді сыртқа көтеріп алып шықты», - делінген ақпаратта.

Өрт сөндірушілер темір кесетін құралдың көмегімен жертөленің есігін ашты. Көп ұзамай 3 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, түтінді сорып шығарды. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон