USD
USD
USD

Өскеменде көпқабатты үйден 10 адам құтқарылды

Өскемен қаласында көп қабатты үйлердің бірінен өрт шықты..

Өскеменде көпқабатты үйден 10 адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өскемен қаласында өртенген көпқабатты үйден 10 адам құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 8 қазанда түнгі сағат 01.22-де Сәтбаев көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйде шыққан.

- Төртінші қабаттағы пәтерде жиһаз, терезе блогы мен линолеум жанды. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер 10 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін тұмшалаған подъезден 12 тұрғынды эвакуациялады. Көп ұзамай жалпы ауданы 8 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қызыл жалынның шығуына - отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон