USD
USD
USD

Өскеменде қаңғыған иттер қызды талап тастаған

Өскеменде мектеп қайтқан 15 жастағы қызға бірнеше ит шабуыл жасаған. Олар қызды жерге құлатып, талап тастаған.

Өскеменде қаңғыған иттер қызды талап тастаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз «Шмель» кооперативінде тұрамыз. Жанында бірнеше гараж коопреативтері бар. Үйге баратын жол гараждардың жанында, айналма жол жоқ. Ал мұнда бірінші кооперативтердің маңында иттер көп. Жыл сайын көбейіп келеді. Басында өзіміз тамақтандырғанбыз, себебі жануарларға обал. Ешқашан адамдарға шаппаған. Тек үретін», – деді зардап шеккен қыздың анасы Вера Никитина. Кооператив жанында келгенде қызға үлкен ақ ит жүгірген. Жерге құлатқан соң тағы бірнеше ит келіп, талай бастаған.

«Күртеше болып қолына зақым келмеді. Тек жеңін жыртып тастады. Ал аяғын тістеген. Қызым қашамын деп сол жерде телефоны мен сөмкесін қалдырып кеткен.  Аяқ киімі де шешіліп қалған. Тек бір ғана етігімен газ құятын бекетке жүгіріп барған. Артынан иттер де қуыпты. Тағы да құлатып таламақ болған», – деп қосты Никитина. Қыз бекетке келген соң оған сол жердегі жұмысшы көмектескен екен. 

Ана мен бала орталығына қыз білегі, бөксесі мен оң жақ санындағы тістелген орындарға шағымданған. Қазір ол тиісті екпелерді алуда.

Жергілікті тұрғындар жануарларды аулау мәселесін бірнеше рет көтерген. Алайда бұл жер тұрғын үй аймағы болып саналмағандықтан жануарларды аулау жұмысы жүргізілмейді екен.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама