USD
USD
USD

Өскеменде із-түзсіз кеткен 7 жасар бала табылды

Өскемен қаласында із-түссіз жоғалған бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскеменде із-түзсіз кеткен 7 жасар бала табылды
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 сәуір күні «102» жедел арнасына 30 жастағы жергілікті тұрғын қоңырау шалды. Әйелдің айтуынша, оның 1-сыныпта оқитын ұлы таңертең мектепке кеткен.

Сабақ аяқталғаннан кейін сағат 12.15-те әжесінің үйіне қонаққа баруы тиіс болған. Алайда ол әжесіне сол күйі жетпеді. Анасы баласын өз бетімен тауып көрмек болғанымен одан еш нәтиже шықпаған. Сөйтіп ол амалсыздан полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Полицейлер дереу 7 жасар баланы іздеуге кіріскен.

«Жанат Шайзолданов пен Айдын Бақытбек оқушыны су қоймасының жанынан тапты. Қазіргі уақытта бала ата-анасына жеткізілді. Белгілі болғандай, ол анасына ескертпестен жолдастарымен серуендеп кеткен», - дейді басқарма бастығы Андрей Мула.

Айта кетейік, жыл басынан бері барлығы жоғалып кеткен кәмелетке толмаған 24 бала табылды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер