USD
USD
USD

Өскеменде иесіз иттерді қабылдайтын арнайы «баспана» салынады

Бұл мақсатқа 20 сотық жер бөлінді. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар шаһарды аралап, қаңғыбас иттерді асырайтын орын салуға арналған жер учаскесіне барды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Өскеменде иесіз иттерді қабылдайтын арнайы «баспана» салынады
Фото: NEGE.kz

.

Алматы. NEGE.  Алтайньюс-ке сілтемемен. Әкім «Доверие» қоғамдық ұйымының өкілі Елена Скосаревамен кездесті. «Бұл мәселе күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келе жатыр. Былтырғы жылы осы мәселе төңірегінде «Преданное сердце» деген қоғамдық ұйыммен жұмыс істеген болатынбыз. Алайда ол кісілер бұл жұмысты соңына дейін жеткізе алмады. Ал осы жылы «Доверие» қоғамдық ұйымымен жұмыс бастап отырмыз», – деді қала басшысы. Аталған қоғамдық ұйымға 20 сотық жер бөлініп отыр. Күн жылына салысымен демеушілер мен осындай қоғамдық ұйымдардың көмегімен иттерге арналған «баспана» құрылысы басталмақ. «Өкінішке қарай, қала әкімдігі бұл жұмысты өз мойнына ала алмайды. Себебі ешқандай заңдық негіз жоқ. Осы аталған қоғамдық ұйымдар мен демеушілер осы жұмысты ары қарай жалғастыратынына сенеміз. Бізде қолымыздан келгенше көмектесеміз»,– деп түсіндірді Жақсылық Омар.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті