USD
USD
USD

Өскеменде ер адам лото-клубты тонап кетті

Өскемендік полицейлер лото-клубты тонап кеткен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде ер адам лото-клубты тонап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ-ның “102” жедел арнасына ЖШС әкімшісінен хабарлама келіп түскен, ол түнгі уақытта бейтаныс жігіт қаланың лотерея клубтарының бірінде кассадан 1,4 теңге көлемінде ақша қаражатын ашық ұрлап кеткенін айтқан. Патрульдік полиция батальоны мен Ертіс полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы қызметкерлерінің жедел әрекет етулеріне байланысты күдікті ұсталды.

Ол Ұлан ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде ер адам осы әрекетін мойындаған. Тәртіп сақшылары ұрланған ақшаны тәркілей алды, алайда толық көлемде емес. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Кінәсін мойындаған жағдайда шығысқазақстандыққа 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев