USD
USD
USD

Өскеменде банк қызметкері алаяқтық жолмен қаржы иемденіп алған

Өскеменде банк қызметкері 11,6 млн теңгені алаяқтық жолмен

Өскеменде банк қызметкері алаяқтық жолмен қаржы иемденіп алған
Фото: NEGE.kz

қолды қылғанын жазды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Өскемен қаласы Үлбі полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 35 жастағы азамат жүгінген. Ер адам тұрғын үй сатып аламын деп алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Белгілі болғандай, биылғы жылдың мамыр айында өтініш берушінің танысы оған 50/50 бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға көмек ұсынған. Ойлана келе, ер адам танысына 11,6 млн теңге берген. Уәде етілген көмекті немесе өз ақшасын қайтаруды күтпестен, төрт айдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген.

 Тәртіп сақшылары қысқа мерзімде күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде 37 жастағы банк қызметкері өз кінәсін мойындаған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда оны үш жылдан жеті жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтеді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев