Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өскеменде баланы ұрған тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Өскеменде баланы ұрған тәрбиеші директорымен қоса жұмыстан қуылды. Енді қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Өскеменде баланы ұрған тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Видео әлеуметтік желіде жұрттың ашуын туғызған. Орындықта тып-тыныш отырған баланы тәрбиеші жерге атып ұрған. Балалар бөлмесінде болған сұмдықты ата-аналардың бірі таспаны қарап жатқанда кездейсоқ көріп қалыпты. Бұл жағдай ақпанда болған екен. Қатыгез келіншек бір соққымен тоқтамаған. Бала жерден тұрып, орнына қайта отыра бергені сол еді, бүлдіршінді иығынан қысып, жерге қайта атып ұрды.

Білім басқармасындағылар балаға қол жұмсаған қызметшіні балабақша директорымен қоса жұмыстан шығарды. Тәрбиеші бұл балабақшада үш жылдан бері қызмет етіп келген. Жасы 29-да. Енді оның ісімен полиция айналысып жатыр.

ШҚО ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина: "Өскемен қаласы полиция басқармасымен ҚР ҚК 140-бабы, 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейін тергеп, тексеру жүргізіліп жатыр", - деді.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел