USD
USD
USD

Өскеменде 2024 жылға дейін 5 мектеп бой көтереді

 Өскемен қаласында 2024 жылға дейін 5 мектеп салынбақ.

Өскеменде 2024 жылға дейін 5 мектеп бой көтереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында 1000 жаңа мектеп салу туралы тапсырмасына сәйкес Өскеменде бірнеше жаңа білім ордасының құрылысы жүргізіледі. Қала әкімдігінің мәліметінше, 2023-2024 жылдары 4080 орындық бес мектеп салу жоспарланған. «19-шы ықшамауданда екі мектеп салынады. Атап айтқанда, математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп және 1000 орындық орта мектеп.

Сондай-ақ «Нұрлы жол» ауданында 600 орындық, «Жекпе-жек» сарайының маңында 1000 орындық, 28-ші шағын ауданда 600 орындық білім ордасы бой көтереді», - делінген ақпаратта. Биыл Өскеменде 1350 орындық жеті балабақша пайдалануға берілген. Сонымен қатар Құрылыс колледжі мен Көпсалалы технологиялық колледж студенттеріне арналып екі жатақхана салынып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан