USD
USD
USD

Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Өскеменде полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Бала таңертең табылып, ата-анасына табысталды. Тәртіп сақшыларына хабарлама 6 сәуір күні кешкі уақытта келіп түскен. Жергілікті тұрғын оның кәмелет жасқа толмаған ұлы үйден велосипед тебуге шығып, оралмағанын айтқан.

Өз бетімен іздеу шаралары нәтиже бермеген. 80-нен астам полиция қызметкері баланың белгілерін алғаннан кейін жасөспірім болу мүмкін жерлерді іздеп, достары мен таныстарынан сұрастырылып, алаңдар, скверлер мен саябақтар тексерілді.

Ертіс ПБ қызметкерлері таңға жуық қабылдаған шаралардың нәтижесінде жасөспірімнің орналасқан жерін анықтады. Велосипедпен шыққан бала үйден алыс кетіп, кері жолды таба алмай, көшеде түнеуге шешім қабылдағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта жасөспірім мен оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полицейлер ата-аналарға балаларына мұқият қарауды, бос уақыттарын бақылауды және өз міндеттерін орындауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты