Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өскеменде 20 отбасы баспаналы болды

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын 20 отбасына жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру салтанаты өтті.

Отбасы
Фото: Өскемен әкімдігі

Алматы, NEGE. Азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарын қолдау — мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Жаңа пәтер иелері үшін бұл күн — жаңа өмірдің бастамасы болып табылады.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады. Жоспарда жаңа тұрғын үйлер салу және халықтың әртүрлі санаттары үшін қолдау бағдарламаларын кеңейту қарастырылған. Мәселен, биыл барлық қаржыландырукөздерінен 306,8 мың шаршы метр тұрғынүйді пайдалануға беру жоспарлануда», – делінген хабарламада. 

Мүмкіндігі шектеулі жан
Фото: Өскемен әкімдігі

Бүгінгі таңда Өскеменде тұрғын үй алуға кезекте 11 950 адам тұр. Олардың ішінде – 2 130 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1 487 көпбалалы отбасы, 4 666 халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, жалғыз тұрғын үйі апатты дептанылған 121 азамат, сондай-ақ 3 546 мемлекеттік қызметші мен бюджет саласының қызметкерлері.

Қазір оқып жатыр

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы