USD
USD
USD

Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі опырылып, бірнеше адам зардап шекті

Әкімдік мәліметінше, 7 мамырда болған оқыс жағдай кезінде көпір үстінде сегіз адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

Көпір
Фото: Өскемен қаласы әкімдігі

Астана, NEGE. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерге көмек көрсетті.

«Ауыр жарақаттар тіркелген жоқ, тек жеңіл сырылу мен көгеру анықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдай Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында», – делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиғаға балалардың көпірді тербетіп ойнағаны себеп болған. Кәмелетке толмағандар конструкцияны шайқағандарын мойындады, соның салдарынан көпір төсеміне зақым келген.

Қазіргі уақытта көпір жабық.

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер