USD
USD
USD

Екі адам қаза тапты: Өскеменде жасөспірім тізгіндеген көлік аударылып, өртеніп кетті

Өскеменде 17 шілде күні кәмелетке толмаған жүргізуші басқарған жеңіл көлік апатқа ұшырап, екі жасөспірім көз жұмды.

Полиция
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық прокуратура хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, көлік жол жиегіндегі кедергіге соғылған. Қатты соққыдан автокөлік аударылып, артынша өртке оранған.

«Қайғылы оқиға салдарынан көліктегі кәмелетке толмаған екі жолаушы көз жұмды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді», – делінген прокуратура хабарламасында. 

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Құрметті ата-аналар, бір ғана ойланбай істелген әрекет орны толмас қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Қажетті білім мен тәжірибесіз тіпті бірнеше минутқа болса да рөлге отырудың өзі бірнеше отбасының болашағына балта шабуы ықтимал», – деп ескертеді прокурорлар.

Қала прокуратурасы азаматтарды Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және кәмелетке толмағандардың көлік құралын басқаруына жол бермеуге шақырады:

  • көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның автомобиль тізгіндеуі жүргізушінің өзіне, жолаушыларға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына өлім қаупін төндіреді;
  • көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға көлікті басқаруға беру заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады;
  • ата-аналар мен заңды өкілдер кәмелетке толмағандардың көлік кілтіне еркін қол жеткізуіне жол бермей, олардың өздігінен көлік жүргізуіне тосқауыл қоюға міндетті.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер