USD
USD
USD

Өскеменде тұрғын үйлер жылыту маусымына дайын ба?

Өскеменде мектептер мен балабақшалардың 92%-і, ал тұрғын үйлердің 90%-і жылыту маусымына дайын, деп хабарлады 24KZ.

ауа
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Жалпы қалада 1753 көпқабатты үй болса, соның 250-не дайындық паспорты әлі берілмеді. Мамандардың айтуынша, ол үйлердің инженерлік желілері әбден тозған. Тұрғындардың коммуналдық қызметке қарызы жылдап қордаланып қалған. Салдарынан жеке пәтер иелері кооперативтері де тиісті шара қабылдай алмай отыр. «Әсіресе Бажов атындағы және Краснознаменная көшелеріндегі үйлердің берешегі көп», – дейді басқарушы компания өкілдері.

Тіпті қарызы 1 миллион теңгеден асып кеткен тұрғындар бар екен.

Қымбат Әбішева, қалалық тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі:

 - Біздің тараптан біздің бөліммен осы жағдайдағы үйлермен жұмыс жасалып жатыр. Барлық кедергіге қарамастан Өскемен қаласындағы барлық көпқабатты тұрғын үй уақытымен жылу маусымына кіреді деп ойлаймыз.


Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana