USD
USD
USD

Өскеменде порнографиялық материал әзірлеп, таратқан 14 адам сотталды

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында порнографиялық материалдарды дайындау және тарату фактісі бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесіне үкім оқылды.

порногарфия
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. ШҚО прокуратурасының хабарлауынша, топ мүшелері 2018 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта елдің бірнеше аймағында заңсыз әрекет етіп, тұрақты кіріс алып отырған.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушылардың айыпталған қылмысқа қатысы бар екендігі туралы бұлтартпас дәлелдер ұсынды.

«Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесінің кінәсі толық дәлелденді деп танып, оларды әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қоразбаев, Ықтымбаев

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі