USD
USD
USD

Өскеменде ортаазиялық тасбақаларды заңсыз сатқандар анықталды

Өскеменде полицейлер Орталық Азия тасбақаларының заңсыз сатылып жатқанын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға жергілікті тұрғыннан үй жануарлары дүкендерінің бірінде бауырымен жорғалаушыларды ұстауға қатысты заң бұзушылық фактісі бойынша хабарлама келіп түскен. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері дүкенде тексеру жүргізіп, онда сатушылардың ұстауға және сатуға рұқсаты жоқ үш ортаазиялық тасбақаны тәркілеген.

Ортаазиялық тасбақа Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген, сонымен қатар жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциямен (СИТЕС) қорғауға алынғанын айта кету керек.

Аталған факті бойынша оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар әрі қарай тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясына берілді.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком