USD
USD
USD

Өскеменде мемлекеттік нөмірлері бірдей екі көлік анықталды

Өскеменде бірдей мемлекеттік нөмірмен жүрген екі көлік анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Өскемен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген екі Toyota Alphard көлігін анықтаған.

Бірінші көлікті 29 қыркүйек күні тоқтатқан. Сол кезде тәртіп сақшылары жүргізушінің жүргізуші куәлігінің және сақтандыру полисінің жоқ екенін анықтап, автокөлік арнайы тұраққа қойылған.

21 қазан күні "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында дәл сол мемлекеттік нөмірмен жүрген тағы бір Toyota Alphard көлігі полицейлердің назарына түскен. Тексеру кезінде бұл көліктің шанағының сәйкестендіру нөмірі (VIN) көрсетілген мемлекеттік нөмірге сәйкес келмейтіні анықталды. Көлік жалған тіркеу нөмірлерін пайдаланғаны үшін арнайы тұраққа қойылды.

 Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, полицейлер құқық бұзушылықтың мән-жайын және екі көліктің иелерінің арасындағы байланысты анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер