USD
USD
USD

Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырған 3 адамға айыппұл салынды

Өскемен қаласында тұрғын аудандарда қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған 3 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Көлік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полицейлерге көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдар жайлы 3 арызды да бір адам түсірген.

Ол таңертең аулаға шығып, көліктерді видеоға түсіріп, тәртіп сақшыларына арызданып жүр.

«102 арнасына осылай 3 арыз түсті. Көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияда осындай заңбұзушылыққа жол берген азаматтарға жаппай айыппұл салу міндеті жоқ. Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымдары түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ бұзушылық туралы дәлелдер (фото, видео) болуы тиіс», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, тұрғын аудандарда қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көлік жүргізушілеріне заң бойынша 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай