USD
USD
USD

Өскеменде қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге арналған мурал ашылды

ШҚО-да полиция қызметінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған мурал ашылды.

Өскемен
Фото: polisia.kz

 Алматы, NEGE. Арт-объект «Ер есімі – ел есінде» деген жазумен бейнеленген, деп хабарлайды  polisia.kz.

Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасын енді ерекше сурет безендіріп тұр. Бұл – қызмет бабында қаза тапқан 29 шығысқазақстандық полицейге арналған мурал. Арт-объект департаменттің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен жасалды.

Композицияның орталық бейнесі – полиция қызметкерінің силуэті. Оның жанында «Ер есімі – ел есінде» деген жазу орналасқан.

«Бұл арт-объект біздің қызметкерлер үшін жай ғана естелік емес, ол – міндет. Біз халық сенімін нығайтып, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Президент атап өткендей, заңды қатаң сақтау – өркендеген қоғам құрудың басты шарты», – деді ШҚО полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков.

Ашылу рәсіміне қаза болған қызметкерлердің туыстары да қатысты. Олар полиция департаментінің жылдар бойы қолдауды үзбей келе жатқанын атап өтті.

«Полицейлердің есімдері мен ерлігі ішкі істер органдары тарихына алтын әріппен жазылған. Олар – жас қызметкерлер үшін батылдық пен адалдықтың үлгісі», – деді ІІМ өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

.

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

.

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді

Мұнай

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

Әнаур Мұсаев