USD
USD
USD

Өскеменде Қыдыр ата үйі ашылды

Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз мереке ұйымдастырылды. Облыстық музей-қорықтың Сол жағалау кешенінде қала тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады, деп жазды kazinform.kz.

ШҚО
Фото: ШҚО әкімдігі

Алматы, NEGE. Мерекелік концерт Шығыс Қазақстанның солистері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин қонақ болған.

Барлық келушілер музей-қорықта сақталған бірегей жәдігерлермен таныса алды. Ал көрме-жәрмеңкеде сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз өнімдерін ұсынды.
Ересектер мен балалар садақ ату, арқан тартыс секілді спорттық жарыстарға қатысты және «Асық» ойынын ойнады.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қала тұрғындарын көктемнің басты мерекесімен құттықтады. Өңір басшысы Наурыз мейрамының әр күні ерекше екенін атап өтті.

Мерекенің басты оқиғасы – Қыдыр ата резиденциясының ашылуы болды. Резиденция ұлттық стильде жабдықталған, бұл қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің бай әлемімен танысуға мүмкіндік береді.

«Қыдыр ата – 22 наурызға қараған түні әр үйге бақыт пен молшылық әкелетін мифтік кейіпкер, - деді ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net