USD
USD
USD

Өскеменде дәмханада жанжал шығып, полиция қызметкері қаза болды

Оқиға 4 қазанға қараған түні Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде болған. Қызметтен тыс жүрген тәртіп сақшысы ескерту жасаймын деп, дене жарақатын алып,  көз жұмды.

Маңғыстау
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Облыстық полиция қызметінің хабарлауынша, полицей дәмханадағы адамдардың біріне өзін дұрыс ұстамағаны үшін ескерту жасаған. Әлгі адам оған дене жарақатын салған. Алған жарақаттары салдарынан 40 жастағы полиция қызметкері көз жұмды.

Оқиға кезінде полицей қызметте болмаған. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Орталық Азия елдерінен барған азаматтардың жаппай төбелесі тергеліп жатыр

Оңтүстік Кореядағы төбелес

Семей жылу беру маусымына дайын болмай шықты: Бектенов кімді жазалауды тапсырды?

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны