USD
USD
USD

Өскеменде бетперде таққан мас ер адам дүкен тонады (видео)

Өскеменде бетперде таққан мас ер адам дүкенді тонаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығында автокөлік бөлшектерін сататын дүкенді тонады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады.

Оқиға түнгі уақытта болды. Күдікті медицина маскасымен бетін жасырып ғимараттың бірінші қабатындағы есіктің шынысын сындырып, ішке кірген. Ол жерден ер адам тиын салынған контейнерлер мен әртүрлі ақша купюраларын ұрлап кеткен.

Күдіктінің айтуынша, ол ақшаның қайда сақталатынын алдын ала білген, себебі бұған дейін дүкенге бірнеше рет кулерге су жеткізген. Қолда бар мәліметтер бойынша ұрланған ақшаның сомасы шамамен 600 мың теңге. Полиция қызметкерлері ұрланған ақшаның бір бөлігін өндіріп алды.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі