USD
USD
USD

Өскеменде балабақша есепшісі 16 млн теңге жымқырған

Өскемен қаласында 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік «Жемчужинка» балабақшасында есепші болып жұмыс істеген айыпталушы бірнеше жыл бойы ақша жымқырып келген.

«2020 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қазан айлары аралығында әйел адам қызмет бабын пайдаланып, жұмыс берушінің 15 988 396 теңгесін қалтаға басқан. Сот барысында ол өз кінәсін мойындамай, келтірілген материалдық залалды өтеуден бас тартты. Сот шешімімен сотталушы кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - делінген ақпаратта.

Әйел адамның кәмелеттік жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 3 жылға шегерілді

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер

Арман Қырықбаев 274-бапты жеңілдету мәселесіне пікір білдірді

.

Көңілдесіне Cartier немесе отбасымен демалыс: министр шенеунікті қай кезде рұқсатсыз фото-видеоға түсіруге болатынын түсіндірді

Арман Қырықбаев

Депутат әлеуметтік желіде балағат сөз айтқандарға ірі көлемде айыппұл салуды ұсынды

Гүлзира Атамбаева