USD
USD
USD

Өскеменде адасып кеткен зейнеткер әйел дронның көмегімен табылды

Өскемен қаласында 71 жастағы жергілікті тұрғын үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Дрон
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бірнеше сағат өткен соң, оның немересі полицияға жүгініп, әжесінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Бұған дейін туыстары әйелді өз беттерінше іздеп көрген, алайда нәтиже болмаған.

Хабарлама келіп түскен бойда полицейлер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Іздеуге полиция қызметкерлерімен қатар, дрон пайдаланылды. Дрон операторы жерді әуеден шолып, патрульдік топтарға нақты координаттарды жеткізіп отырды. 13 шілдеде түнгі сағат бір кезінде зейнеткер қалың шөп арасына кіріп кеткен жерінен табылды. Ол ұзақ уақыт бойы адасып жүріп, үйге қайтар жолды таба алмағанын айтқан.

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағаны да нақтыланады.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева