USD
USD
USD

Өскемен тұрғыны темекі шегемін деп пәтерін өртеп алды

Өскемен қаласының тұрғыны темекі шегемін деп пәтерін өртеп алды.

Өскемен тұрғыны темекі шегемін деп пәтерін өртеп алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 қарашада түнгі сағат 3.00 шамасында Гоголь көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жайлы хабар түскен.

«Белгілі болғандай, 2-қабаттағы пәтер өртенді. ТЖД қызметкерлері жедел түрде баспалдақпен 5 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Содан кейін үш иінді сатыны орнатып, терезе арқылы пәтер иесін құтқарды. Көп ұзамай өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында жалпы ауданы 20 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды», - делінген ақпаратта.

Қызыл жалынмен күреске барлығы жеке құрамнан 13 адам мен 4 техника тартылған. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері тұрғындарды тексеріп, уақтылы алғашқы көмек көрсетті.  Алдын ала дерек бойынша өрттің шығуына – пәтер иесінің темекі шегу кезіндегі абайсыздығы себеп болған.

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.